Абай облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 27–31 шілде аралығында Абай облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізілді. Мониторингтік сапар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ҰФҒО) және ЖҚ ГРП мамандары облыстың 10 медициналық және әлеуметтік ұйымына барды.
Сапар барысында туберкулезге қарсы қызметтің негізгі бағыттары — аурудың алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуына бағалау жүргізілді.

Сонымен қатар мамандар облыстың медициналық және әлеуметтік ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берді.
Мониторинг қорытындылары талқыланды.
2026 жылғы 31 шілдеде Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасында жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қорытынды кеңес өтті.
Кеңеске Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Орынбаева төрағалық етті.
Кеңеске офлайн форматта Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М. Әденов, онлайн форматта ЖҚ ГРП менеджері Ш.Ш. Исмаилов, сондай-ақ республикалық және облыстық мамандар қатысты.

Қорытынды кеңес барысында мониторинг кезінде анықталған негізгі проблемалық мәселелер қаралып, өңірдегі туберкулезге қарсы медициналық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Абай облысының туберкулезге қарсы қызметін одан әрі жетілдіру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, туберкулезді уақтылы анықтау, диагностикалау және емдеу сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.

Мониторингтік сапарларды өткізу денсаулық сақтаудың республикалық және өңірлік деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және туберкулездің алдын алу мен бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.