ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 13–17 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының және ЖҚ ГРП мамандары туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына жоспарлы мониторинг және бағалау жүргізді.

Мониторингтік сапар барысында мамандар облыстың 10 медициналық және медициналық емес ұйымына барды. Сапардың негізгі мақсаты — ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін бағалау.

Мониторинг барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы облыс бойынша және жекелеген медициналық ұйымдар бөлінісінде талданды. Туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша негізгі индикаторларға ерекше назар аударылды.

2026 жылдың 6 айындағы мониторинг қорытындылары талқыланды.

2026 жылғы 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында 2026 жылдың 6 айындағы туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг пен бағалау қорытындылары бойынша онлайн және офлайн форматта кеңес өтті.

Кеңеске Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Ж. Саржанов төрағалық етті.

Іс-шараға ҚР ҰФҒО директоры М.М. Әденов, ЖҚ ГРП менеджері Ш.Ш. Исмаилов, ОФО директоры К.Б. Бижанов, ҚР ҰФҒО және ЖҚ ГРП мамандары, республикалық және облыстық мониторинг және бағалау топтарының өкілдері, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының басшылары мен фтизиатр дәрігерлері қатысты.

Кеңес барысында облыстың медициналық ұйымдарында туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыруға қатысты негізгі проблемалық мәселелер қаралды.

Медициналық қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейіне және туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша олардың біліктілігін одан әрі арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Жүргізілген супервизия нәтижелері бойынша түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу және іске асыру жөнінде ұсынымдар берілді. Аталған жоспар мыналарды қамтиды:

  • тұрақты оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;
  • бейінді мамандар тарапынан тәлімгерлікті күшейту;
  • медициналық қызметкерлердің туберкулезге қарсы іс-шаралардың сапалы орындалуына жауапкершілігін арттыру.

Ұсынылған шараларды іске асыру медициналық көмектің сапасын арттыруға, медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және Солтүстік Қазақстан облысындағы туберкулезге қарсы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

   Сондай-ақ оқыңыз:

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)