ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰФҒО мамандары Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

15–16 шілде күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҚР ҰФҒО) мамандары Қарағанды облысына қызметтік іссапармен барды.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты — 2025 жылдың және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындыларын өзектендіру, сондай-ақ қызмет бағыттары бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету.

Іссапар барысында ҚР ҰФҒО мамандары өңірдің медициналық ұйымдарымен жұмыс жүргізіп, туберкулезге қарсы қызметтің өзекті мәселелерін қарастырды және практикалық ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетті.

Кездесулер барысында есепті кезеңдердегі жұмыс нәтижелерін талдауға, өзекті мәселелерді анықтауға және қызметті одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындауға ерекше назар аударылды.

Мұндай жұмыс сапарлары денсаулық сақтаудың республикалық және өңірлік деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бағыттарындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

 

   Сондай-ақ оқыңыз:

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)