№5 балалар мен жасөспірімдердегі ТБ және КДТ ТБ емдеу бөлімшесі
Бөлімшенің негізін Л.В. Косенко қалады. Балалар бөлімшесі 1934 жылы ашылды, бөлімшенің алғашқы меңгерушісі профессор Е.А. Трейлих болды. Әр жылдары бөлімшені: 1949 жылдан 1950 жылға дейін – Н.А. Грабарь, 1950-1966 жылдары – м.ғ.к. Л.П. Кашкина, одан кейін м.ғ.к. К.Ж. Сұлтанов, м.ғ.д., профессор К.Ж. Ниязбекова, м.ғ.к. К.Б. Иманбекова, м.ғ.к. С.Я. Оспанова басқарды.
Бөлімше 40 төсекке арналған. Бөлімшеде республиканың барлық облыстарының балалары ем алады. Қазіргі уақытта бөлімшені м.ғ.к. Қ.С. Серікбаева басқарады.
Бөлімшенің негізгі қызметі балалардағы тыныс алу мүшелерінің және өкпеден тыс туберкулезді диагностикалау және емдеу болып табылады, ол ДДҰ-ның тиісті ұсынымдары негізінде әзірленген қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімшеде соңғы жылдардағы фтизиопедиатрияның ғылыми жетістіктерінің нәтижелері, балалардағы туберкулезді диагностикалау және емдеу бойынша жаңа инновациялық технологиялар үнемі енгізіліп отырады.
Ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету:
Әзірленді:
- туберкулез инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы; сезімтал және дәріге төзімді түрлері бар балаларда орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің туберкулезін диагностикалаудың және емдеудің клиникалық хаттамалары; туберкулезге қарсы көмек көрсету стандарты, балалар туберкулезі бойынша бөлім әзірленді және бекітілді; туберкулезге жүйелі скрининг және туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу жөніндегі Ұлттық нұсқаулық әзірленді; Қазақстан Республикасында фтизиопульмонологиялық қызметті дамытудың 2022-2026 жж. кезеңіне арналған Кешенді жоспарының балалар туберкулезі бойынша бөлімі; туберкулез инфекциясын ерте анықтау және туберкулездің алдын алу бойынша скринингтер тиімділігінің Кешенді жоспарын орындау және бағалау индикаторлары әзірленді.
Оқыту:
- балалардағы туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша МСАК және туберкулез ұйымдарының мамандарын оқытады;
- ПжБхҒО, С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ және ҚРМУ резиденттері Фтизиопедиатрия бойынша циклден өтеді..
Қатысу:
- бөлімше мамандары МжБ тобының құрамында облыстарда Туберкулезге қарсы бағдарламаның орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
- ҚР ДСМ №214 бұйрығының жаңа редакциясын әзірлеуге, балалардағы туберкулездің алдын алу және емдеу бөліміне қатысады;
Практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін фтизиопедиатрияның әртүрлі бөлімдері бойынша әдістемелік материалдар әзірленіп жатыр. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері, клиникалық жұмыстың жетістіктері журналдарда, ғылыми жинақтарда, республикалық және халықаралық конференцияларда жарияланады;
Елімізде туберкулез бойынша жоғары қауіпті топтағы балалар мен ересектерде "Диаскинтест" туберкулезін иммунологиялық диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілді. Республиканың 5 облысында жасөспірімдер арасында туберкулезді ерте анықтауда туберкулезді рекомбинантты аллергенді (АТР) қолданудың тиімділігін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Консультациялық көмек көрсету:
Бөлімше қызметкерлері республикалық ОДКК және телемедицинаға қатысу арқылы ҚР бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Емдеу-диагностикалық жұмыс:
Туберкулезді бактериологиялық диагностикалау мақсатында дәрілік сезімталдықты анықтай отырып, өсірінді әдістерімен (BACTEC, Левенштейн-Йенсен) туберкулез микобактериясына және ТБ кешеніне (G-Xpert/Ultra, HAIN-тест Bioneer) әртүрлі қолжетімді биологиялық материалдарды зерттейді.
Туберкулезді диагностикалауда сәулелік диагностиканың заманауи әдістері мен эндоскопиялық зерттеулер қолданылады.
ҚР ҰФҒО-да емдеу кезеңінде науқас балаларды жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы бойынша 1-11 сыныптар аралығында Медеу ауданының №30 орта мектебінің педагогтары орыс және қазақ тілдерінде оқытады.
Инфекциялық бақылау және тікелей бақыланатын емдеу қағидаттары қатаң сақталады.
Бөлімшенің ұраны - сапалы емдеу және науқас балаларға жылы пейілмен қарау.
Бөлімшеде барлық деңгейдегі қызметкерлер буынының сабақтастық дәстүрі сақталған.