ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ДСМ ҚР ҰФҒО қызметі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология  ғылыми орталығы» РМК (бұдан әрі – ҚР ҰФҒО) мақсаты – ҚР фтизиопульмонология қызметін үйлестіру және жоғары мамандандырылған көмек көрсету.

Миссиясы: Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі әлемдік жетістіктер мен жаңа технологияларды енгізе отырып, республиканың туберкулезге қарсы күрес қызметінің жұмысын жақсарту арқылы ДДСҰ-ның және Қазақстан Республикасы Ұлттық бағдарламасының мыңжылдық мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасында туберкулез ауруын, туберкулезден болатын өлімді және туберкулездің таралуын азайту.

Бағдары:  ҚР ҰФҒО – бұл туберкулездің алдын алуға, диагностикалауға және уақтылы анықтауға бағытталған заманауи емдеу-диагностикалық базасы бар Қазақстанның жетекші фтизиатрия институтының бірегейі. 

Құндылықтары мен этикалық қағидаттары:  ҚР ҰФҒО  стратегиялық маңызды корпоративтік шешімдер қабылдауда, лауазымды адамдар мен қызметкерлер тап болатын күнделікті жағдайларда,  мемлекеттік органдармен,  ҚР ҰФҒО лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, серіктестермен, басқа да мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынаста Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын ұстанады.

ҚР ҰФҒО  қызметі қалыптасатын негізгі корпоративтік құндылықтарға жұмыскерлердің әдептілігі, сенімділігі және кәсібилігі, олардың еңбек тиімділігі, өзара көмекке ұмтылуы, бір-біріне деген құрметі жатады. 

1) Құзыреттілік және кәсібилік. ҚР ҰФҒО қызметкерлерінің тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі, салмақты және жауапты шешімдер қабылдау қабілеті болуы тиіс. ҚР ҰФҒО өз қызметкерлеріне кәсіби білімі мен дағдыларын көтеруге, кәсіби, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, әлеуетін және мәнсаптық өсу мүмкіндігін дамытуға жағдайлар жасайды.

2) Патриотизм. ҚР ҰФҒО-ға мемлекет тарапынан жүктелген жоғары сенім және оның әлеуметтік жауапкершілігі патриотизм сезімін және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал етуге деген ұмтылысты оятады. 

3) Айқындық. ҰФҒО мекеме туралы ақпараттың барынша айқын, ашық болғанына, оның жетістіктері мен жұмыс нәтижелерінің сенімді болғанына ұмтылады. ҚР ҰФҒО серіктестерге адал болуға, істердің жай-күйі туралы уақтылы хабарлауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есепке алу сапасын жақсарту негізінде ақпараттың айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Сонымен қатар ҚР ҰФҒО коммерциялық және қызметтік құпияларды құрайтын ақпарат пен мәліметтердің жария етілмеуін қадағалайды.

4) Жауапкершілік пен адал ниет. ҚР ҰФҒО Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында, келісімшарт қатынастарында, іскерлік әдет-ғұрыптарында және моральдық-адамгершілік қағидаттарында белгіленген міндеттемелерге жауапкершілікпен және адал ниетпен қарайды. ҚР ҰФҒО мемлекет алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді. 

5) Адалдық пен әдеп  – ҚР ҰФҒО қызметінің және оның іскерлік беделінің негізі. Кәсіпорын жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қайшылықтарға, ымыраластыққа  жол бермейді. Алдау, жасыру және жалған мәлімдемелер лауазымды тұлғаның, қызметкердің, мекеменің мәртебесіне сай келмейтін құбылыстар.

6) Жеке тұлғаны құрметтеу - атқаратын лауазымына, орындайтын қызметтік және еңбек міндеттеріне қарамастан, ҚР ҰФҒО-ның лауазымды адамдары, қызметкерлері басшылыққа алатын негізгі қағидат. Жеке тұлғаны құрметтеу қағидатын қызметкерлеріне қатысты лауазымды тұлғалар да, лауазымды тұлғаларға қатысты қызметкерлер  де тең дәрежеде ұстануға міндетті.

Бүгінгі таңда ҚР ҰФҒО – бұл Қазақстан фтизиатрия саласының әкімшілік-командалық бағыттаушы органы ғана емес.

ҚР ҰФҒО – республиканың заманауи емдеу-диагностикалық базасы, параклиникалық бөлімшелердің тармақталған желісі. Қазақстан фтизиатрларының жаңа буыны бұл қызметтің негізін қалаушыларды ардақтап еске алып, олардың идеялары мен бай тәжірибесін қазіргі заман талабын есепке алып  жүзеге асырып отыр.

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)