Орталық туралы ақпарат
Ұлттық Оқу орталығы (бұдан әрі - ҰОО) фтизиатриялық мекемелер мен АМСК желісінің дәрігерлік және орта медициналық қызметкерлері үшін фтизиопульмонологияның өзекті мәселелері бойынша қосымша және бейресми білім беруді жүзеге асырады.
ҰОО мақсаты – дәрігерлердің лауазымдық міндеттерін орындауды жақсарту үшін фтизиатриялық қызметтің барлық қыры бойынша медицина қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы әкімшілердің әртүрлі топтарын оқыту.
ҰОО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің заңдары мен бұйрықтарын, Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаны, сондай-ақ ҚР ҰФҒО жанындағы Ұлттық Оқу орталығы туралы Ережені басшылыққа алады.
ҰОО негізгі міндеттері:
- Еліміз бойынша медициналық және әкімшілік қызметкерлерін оқыту қажеттілігіне тұрақты бағалау жүргізу;
- Туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқу бағдарламаларын және ақпараттық-әдістемелік, білім беру материалдарын әзірлеу;
- Тренерлерге, медицина қызметкерлерінің әртүрлі мақсатты топтарына, денсаулық сақтау саласындағы әкімшілерге фтизиатриялық қызметтің барлық аспектілері бойынша оқыту семинарларын, тренингтерді өткізу;
- Педагогикалық және тренерлік құрамының жұмыс сапасына мониторинг және бағалау жүргізу, жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Оқу және білім беру іс-шараларының сапасын арттыру мәселелері бойынша үкіметтік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- Фтизиатрия, пульмонология және медицинаның басқа да аспектілерінің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау бойынша съездерді, пленумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға қатысу.
Информация по реализации дополнительного и неформального образования совместно с международными партнерами
№ |
Наименование организации |
Кол-во обученных за 2022 г. |
Кол-во обученных за 2023 г. |
1 |
Национальный учебный центр |
1 448 |
1 357 |
2 |
ГРП ГФ |
821 |
1 679 |
3 |
Партнеры во имя здоровья |
197 |
378 |
4 |
USAID |
391 |
291 |
Итого: |
2 857 |
3 705 |
ҚР ҰФҒО ҰОО штаты:
Біздің байланыс: