Тыңдаушыларға арналған ақпарат
ҚР ҰФҒО ҰОО базасында ақылы негізде оқудан өту шарттары мынандай:
1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР ҰФҒО-мен шарт жасасу;
2. ҚР ҰФҒО-мен шарт жасасқаннан кейін Тапсырыс беруші ҰОО-ға тыңдаушылардың мынандай құжаттарын жіберуі тиіс:
2.1. Ұйымнан қолдаухат;
2.2. Әрбір тыңдаушының жеке куәлігінің көшірмесі;
2.3. Білімі туралы диплом;
2.4. Соңғы 5 жылдағы біліктілікті көтеру туралы куәлік;
2.5. Қайта даярлау (сертификаттау курсы) туралы куәлік;
2.6. Маман сертификаты;
2.7. Интернатураны бітіргені туралы куәлік;
2.8. Резидентураны/ординатураны бітіргені туралы куәлік;
2.9. Тыңдаушының сауалнамасы (қоса беріледі), тыңдаушы электронды нұсқада толтырады;
2.10. Жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан бұйрық.
3. Тыңдаушылардың құжаттарын алғаннан кейін Орындаушы – ұйым тыңдаушыларды кестеге қосады және бұл туралы Тапсырыс берушіге хабарлайды.
Қосымша ақпарат:
Резидентураға қабылдау және резиденттерге қолдау көрсету бойынша кеңес алу үшін +7 (747) 627-6267 нөмеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының оқу орталығының басшысы М.Қайдауловқа хабарласыңыз.