Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР МЕН БІЗДІҢ САЙТТЫҢ ҚОНАҚТАРЫ!
Біздің орталықта Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ):
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР 07.07.2020 ж. № 360-VI Кодексі (35-бап);
"Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 03.12.2020 ж. № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығы негізінде құрылды;
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ ҰЙЫМНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫН МЫНАДАЙ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРЕДІ:
- "Осында және қазір" қағидаты бойынша және жеке және (немесе) заңды тұлға жүгінген кезде пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) сол жерде шешу. Шағымды қарау пациенттердің сауалнама жүргізу арқылы медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды;
- Пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
- ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек көрсету қағидаларын сақтау;
- Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға және медициналық көмектің сапасын, тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:
- Егер медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;
- Медицина персоналының дөрекі сөйлеп, дұрыс қарамауына тап болсаңыз;
- ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бұзылған жағдайда, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгіне аласыз.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ МЫНА ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ: