Мониторинг және бағалау, эпидемиология, статистика және ақпараттандыру департаменті
І. Жалпы
Мониторинг және бағалау, эпидемиология, статистика және ақпараттандыру департаменті (бұдан әрі - Департамент) ҚР ДСМ ШЖҚ «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК (бұдан әрі - ҚР ҰФҒО) базасында құрылған және ҚР ҰФҒО құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ІІ. Департаменттің негізгі міндеттері
1) Мониторинг және бағалау бөлімі - МжБ мамандарының жаңа қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін қамтитын ТБ бағдарламасында мониторинг пен бағалаудың жаңартылған моделін ұйымдастыруға және енгізуге қатысу;
Қазақстан өңірлеріне жетекшілік етуді тұрақты жүзеге асыру (барлық қолжетімді тәсілдер арқылы өңірмен байланыс, проблемаларды бірлесіп талқылау, кеңес беру, әдістемелік көмек).
Қашықтықтан мониторингті ұйымдастыру және жүргізу.
ТБ, ТБ/АИТВ мәселелері бойынша туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің, үкіметтік емес ұйымдардың мамандарна арналған онлайн және офлайн тренингтер өткізуге қатысу.
МжБ барлық өзекті аспектілері бойынша есептік деректер мен көрсеткіштерді проблемалық мәселелер мен шешу жолдарын пысықтай отырып тұрақты салыстырмалы талдау.
Жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды көрсете отырып, ҚР өңірлері бөлінісінде барлық өзекті мониторинг аспектілері бойынша SWOT талдауын қалыптастыру.
Нәтижелерді көрсете отырып, өңірлерге мониторинг сапары барысында деректерді тексеруден өткізу.
2) Эпидемиология және статистика бөлімі – Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыну үшін нормативтік актілерге сәйкес туберкулезге қарсы іс-шараларды орындау бойынша ай сайынғы жедел есепті жинайды, жинақтайды және талдайды;
Мемлекеттік есептік нысандарға сәйкес туберкулез бойынша статистикалық деректерді жинақтайды және талдайды;
ҚР ҰФҒО бөлімшелері жұмысының статистикалық деректерін жинақтайды және талдайды;
Туберкулез бойынша статистикалық материалдар жинағының жыл сайынғы басылымын шығаруға материалдар дайындайды;
Облыстардың және өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары (департаменттері),санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері және туберкулезге қарсы күрес қызметі үшін туберкулезге қарсы күрестің жай-күйі мәселелері бойынша ұсынымдар мен ақпарат дайындайды және талдайды.
3) Ақпараттандыру және цифрландыру бөлімі – ҚР Ұлттық туберкулез бағдарламасы ТБ бойынша жақсы реттелген және жұмыс істейтін ақпараттық жүйесі бар. ҚР туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі (ҚР ТНҰТ) – бұл науқастарға қарау, дәрі-дәрмектерді бақылау және қадағалау жөніндегі деректерді ТБ бойынша ұлттық бағдарламаға тиімді мониторинг және бағалау үшін бірыңғай платформаға біріктіретін кешенді веб-құрал. Жүйе туберкулезге электронды тіркеу жүргізуге мүмкіндік береді, туберкулезбен ауыратын әрбір науқас бойынша толық дербестендірілген ақпаратты қамтиды: ТБ диагнозы қойылған және туберкулезден емделуге құқығы бар барлық пациенттерді жазу, оның ішінде жеке және демографиялық деректер, жынысы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, географиясы, отбасылық байланыстар туралы ақпарат, қауіп факторлары және қосалқы аурулар туралы деректер, бактериологиялық зерттеу нәтижелері, емдеуге байланысты деректер.
Өйткені соңғы жылдары ДДСҰ-ның ТБ-ны анықтау, диагностикалау, тіркеу, алдын алу және емдеу жөніндегі ұсынымдарын жиі жаңарту орын алып отыр, сондай-ақ елде ҚР Ұлттық туберкулез бағдарламасының (ҚР ҰТБ) халықаралық және ұлттық серіктестерімен бірлесіп инновациялық жобаларды енгізумен ТБ бағдарламасының негізгі аспектілерін ақпараттандыру жағдайын жүйелі мониторингілеу және талдау, ұлттық деңгейде үйлестіру қажеттілігі туындайды, ТНҰТ жүйесін уақыт талаптарына сәйкес келтіру қажет.
Цифрландыру бөлімі туберкулез инфекциясын және белсенді туберкулез жағдайларын анықтауда, диагностикалауда және емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізуді, сондай-ақ басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялауды ескере отырып, ҚР ТНҰТ ақпараттық жүйесінің деректерін қалыптастыру және алу сапасын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету үшін ТБ бойынша барлық дерекқорды жаңартуға мониторинг жүргізуді, фтизиопульмонологиялық қызметті цифрландыруды дамытуды жүзеге асырады.
4) Туберкулезге қарсы іс-шараларды үйлестіру бөлімі - республикада туберкулез ауыртпалығын төмендету жөніндегі Ұлттық бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
Республика бойынша туберкулезге қарсы күрес жөніндегі маңызды ұйымдастырушылық, емдеу-диагностикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге және бекітуге, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға қатысады.
Республикалық семинарлар, кеңестер, халықаралық және ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар ұйымдастырады және өткізу үшін материалдар дайындайды.
Республика бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын үйлестіреді.
5) Дәрілік қамтамасыз ету және фармакологиялық қадағалау бөлімі - дәрілік қамтамасыз ету және фармакологиялық қадағалау бөлімінің басты міндеттерінің бірі бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде (өңірлердің фтизиопульмонология орталықтарында (ФО) және АМСК-да) қажетті мөлшерде және дәрілік нысандарда қауіпсіз, тиімді және сапалы туберкулезге қарсы препараттармен (ТҚП) үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру болып табылады. ТҚП-мен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі мүдделі тараптарының жауапкершілігіне жатады. ТҚП қамтамасыз етуде негізгі жауапкершілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ФО-на, ал үйлестіру мен мониторинг ҚР ҰФҒО-ға жүктелген. ДДСҰ ұсынымдарына немесе емдеудің ұлттық хаттамаларына сәйкес жаңа ТҚП және емдеу схемаларын енгізу, ТҚП-ның кейбір атаулары мен дәрілік нысандарын сатып алу немесе алып тастау үлесін азайту, сондай-ақ ТБ-мен ауыратын науқастардың қажеттіліктеріне бағдарланған ТҚП жіберуде жаңа тәсілдерді енгізу орталық деңгейдегі тараптар жақтан ТҚП қамтамасыз ету мәселесін үйлестіруді күшейтуді талап етеді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесіндегі басымдықтардың бірі ТҚП қамтамасыз ету процестерін цифрландыру және оларды барлық деңгейлерде біріздендіру болып табылады, бұл операциялық процестерді жақсартуға, есепке алуға және есеп беруге, демек, туберкулезбен және туберкулез инфекциясымен (ТИ) ауыратын адамдар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Мүдделі тараптарды (ҚР ҰФҒО, өңірлердегі ФО) хабардар ете отырып, ТҚП сатып алу және пайдалану циклінің барлық кезеңдеріне әсер ететін нормативтік-құқықтық актілердегі (НҚА) өзгерістерді талдау, бағалау, мониторингілеу, сондай-ақ НҚА-ға өзгерістер енгізу немесе қайта қарау үшін ұсыныстар жасау.
QuanTД құралы мен ТҚП тұтыну әдісін пайдалана отырып келесі жылға ТҚП сатып алу үшін жетекшілік ететін өңірлердің өтінімдерін тексеру және келісу;
ЖҚ гранты бойынша және басқа көздерден сатып алуды ескере отырып, барлық жетекшілік ететін өңірлер бойынша сатып алу процесін мониторингілеуді және мәлімделген ТҚП шығысын қамтамасыз ете отырып, жылдық жиынтық өтінімді қалыптастыру.
Жетекшілік ететін өңірлерде ТБ, ДТ ТБ және ТИ емдеу кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР ҰФҒО негізгі мамандарымен, ТБ жөніндегі ұлттық және сыртқы кеңесшілермен, сондай ақ туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының басшыларымен, ТҚП менеджменті жөніндегі облыстық, өңірлік үйлестірушілермен, ЖҚ ЖІАТ (Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының) бағдарламасы мен қаржы қызметкерлерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
ҚР-дағы НҚА ережелеріне сәйкес ТҚП сатып алу бойынша жетекшілік ететін өңірлердің ОФО/ҚФО-мен қол қойылған жыл сайынғы шарттарды орындау мәселелері бойынша Бірыңғай Дистрибьютормен өзара іс-қимыл жасау.
ТҚП жеткізуде іркіліс қаупі туған жағдайда немесе жарамдылық мерзімінің аяқталу ықтималдығы туғанда жетекшілік ететін өңірлер арасында ТҚП қайта бөлу үдерісін бақылау.
ТНҰТ (ТҚП бойынша модульдер) жетілдіру үшін және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялау үшін ұсыныстар енгізу мақсатында ТҚП қажеттілігін бағалау, ТҚП-ға жылдық өтінім жасау, ТҚП-ны тікелей бақыланатын емдеуге (ТБЕ) және бейнебақыланатын емдеуге (ББЕ) жіберуді есепке алу және есеп беру рәсімдерін цифрландыруға мониторинг жасау және бағалау.
НҚА-да бекітілген рәсімдерге сәйкес ТҚП болжамына, жылдық өтінімге, ТБ 13 есептеріне, ТҚП қарауды талдауға және ТҚП бойынша есептерге қатысты барлық құжаттаманы мұрағатқа жинау және 5 жыл сақтау.