Жергілікті этикалық комитет
Жергілікті этикалық комиссия (бұдан әрі – ЖЭК) өз қызметін Комиссия туралы ережеге, стандартты операциялық процедураларға сәйкес жүзеге асырады, осы стандарт және ҚР заңнамалары талаптарын сақтайды. Комиссия құрамын және Комиссия туралы ережені ҚР ДСМ «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) директоры бекітеді.
ҰТБ, диссертациялық жұмыстар мен клиникалық сынақтар шеңберінде
зерттелетін әдістер және (немесе) құралдардың медико-биологиялық эксперименттердің, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің этикалық мәселелерге сәйкестігін анықтауға уәкілетті Орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ЖЭК сыналатындардың құқықтарын, қауіпсіздігін және денсаулығын қорғайды, бұл ретте осал сыналатындарға ерекше назар аударылады.
ЖЭК мақсаттары:
- ЖЭК қызметінің мақсаты биомедициналық зерттеулерге қатысатын құқықтары мен абыройын қорғау болып табылады.
- Зертеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
ЖЭК міндеттері:
- зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
- зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатысында адамның қауіпсіздігін тәуелсіз бағалау және құқықтарын сақтау;
- клиникалық зерттеулер бағдарламасының тиісті клиникалық және ғылыми практика стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ зерттеушілер біліктілігін және осы зерттеуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымының техникалық жабдықталуын бағалау;
- биомедициналық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау;
- биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша;
- құжаттарды әзірлеуге қатысу болып табылады.
Құжаттама:
- Жергілікті этика комитетін құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық;
- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия туралы ереже;
- Стандартты операциялық процедуралар;
- Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары;
- Этикалық сараптамаға арналған құжаттар;
- Зерттеу хаттамасында көрсетілуі қажет деректер;
- Ақпараттандырылған келісім нысаны;
- Жергілікті биоэтика комиссиясының 2023 жылғы қызметі туралы жылдық есеп.