ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматыда туберкулезге қарсы қызметті мониторингтеу және бағалау мәселелері бойынша республикалық кеңес өтуде

2026 жылғы 28–29 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында (Ботакөз көшесі, 1/1) «Туберкулезге қарсы қызметті мониторингтеу және бағалау: цифрландыру және ұйымдастырушылық өзгерістер» тақырыбында республикалық кеңес өткізілуде.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының өңірлік фтизиопульмонология орталықтарының мониторинг және бағалау топтарының жетекшілері мен мамандары қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – процестерді цифрландыру, деректер сапасын арттыру және туберкулезге қарсы қызметтің ұйымдастырушылық құрылымындағы өзгерістерге бейімделу негізінде туберкулезге қарсы іс-шараларды мониторингтеу және бағалау жүйесін жетілдіру.

Кеңес барысында мониторинг және бағалау жүйесін дамыту, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, тиімділік көрсеткіштері мен талдау құралдарын жетілдіру мәселелері талқылануда. Сондай-ақ цифрлық платформалармен және аналитикалық деректермен жұмыс істеу бойынша мамандардың әлеуетін арттыруға, сондай-ақ туберкулезге қарсы қызметті реформалау жағдайында мониторинг және бағалау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге ерекше назар аударылуда.

Кеңес ашық кәсіби диалог форматында өтіп, өзекті мәселелерді талқылауды, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды, үздік тәжірибелерді қарастыруды және Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуді көздейді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)