Жәнібеков Алмас Батырханұлы, 2007 жылы Алматы қаласындағы UIB Халықаралық бизнес университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.
Біліктілігін арттыру курстары:
2016-2017 жылдары «Электрондық мемлекеттік сатып алуды тиімді ұйымдастыру және басқару» семинарында оқыды.
2016 жылғы 4-21 қазанда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту» тақырыбы бойынша «Б» корпусы басқарушы лауазымына алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы курсынан өтті. «2026-2020 жылдарға арналған Астана қаласының денсаулық сақтау ісін дамыту» тақырыбы бойынша талдамалық жұмысты қорғады.
2019 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды басқару саласында жеткілікті тәжірибесі және қажетті теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бар.
А.Б. Жәнібековтың жан жақты еңбек қызметін ескере отырып, ол бюджет процестерін басқару, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеше серіктестік механизмі арқылы жобаларды іске асыру, халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру, жасасқан шарттарды іске асыру мониторингі және т.б. салаларды жақсы меңгерген.