Туберкулез бағдарламасына жасанды интеллект енгізу.
24.09.2024 ж. – 27.09.2024 ж. аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰФҒО) мен Qure.ai компаниясы (Үндістан/Мумбай) арасындағы келісім аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде туберкулезді, ісіктерді және басқа да респираторлық ауруларды анықтауға арналған скринингке жасанды интеллектті енгізу бойынша маман Shreshth Bansal сапары басталды.
Бүгінгі таңда медицинаға жасанды интеллект технологияларын (бұдан әрі – ЖИ) енгізу денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Генеративті жасанды интеллект рентген сәулелерін, МРТ (магнитті-резонанстық томография) және КТ (компьютерлік томография) шифрын ашуға қабілетті және алынған нәтижелер негізінде есеп дайындау уақытын 50%-ға қысқартуға, қорытынды жасауға қабілетті, диагностиканың дәлдігін 90% дейін жеткізуге, жүктемені азайту және динамикадағы патологияларды бақылауға мүмкіндігі бар.
ҚР ҰФҒО Жаһандық қор гранттары жобаларының қаржылық қолдауымен STOP TB/UNOPS серіктестігі Алматы қаласының №29 қалалық емханасында және Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық емханасында туберкулез скринингінде ЖИ қолданудың тиімділігіне жедел зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Qure.ai-мен бірлескен жоба тиімді нәтиже көрсетсе, ҚР ҰФҒО Жаһандық қордың қаржылық қолдауымен, 2026-2028 жж. ЖИ-ді пилоттық өңірлерде қолдануды жалғастыра береді, бұл республика бойынша туберкулезді, ісіктерді, пневмонияны және тыныс алу жүйесінің, остеоартикулярлық жүйенің басқа патологияларын жылдамырақ анықтауға көмектеседі әрі жұмысты жеңілдетеді.