ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорктегі 78-ші сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы (БҰҰ БА) туберкулезге қарсы күрес мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі кеңес өткізді

Осы жоғары деңгейдегі кеңестің мақсаты 2018 жылғы туберкулез бойынша бірінші деңгейдегі кеңестің саяси декларациясында тұжырымдалған туберкулезге қарсы күрестің келісілген мақсаттарына қол жеткізуге жан-жақты шолу жасау және 2030 жылға қарай туберкулез эпидемиясын тоқтату жолындағы прогресті жеделдету мақсатында олқылықтар мен оларды жою жөніндегі шараларды анықтау болып табылады.

Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында Қазақстан ТВ тоқтату серіктестігінің қолдауымен туберкулезді жою жөніндегі әлемдік көшбасшылар коалициясына қосылды.

Бұл біздің еліміздің туберкулезбен күресуге деген жоғары міндеттемесін растайды және қоғамдық денсаулық сақтау проблемасы ретінде туберкулезді жою жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізудегі әлемнің барлық елдерінің бірлескен күш-жігерінің маңызды рөлін атап көрсетеді.

Коалицияны іске қосуға Қазақстан, Индонезия, Кения, Танзания, Филиппин және Оңтүстік Африка Денсаулық сақтау министрлері қатысты.

ҚР ДСМ министрі Ажар Ғиният Қазақстанның туберкулезбен күресте елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастарды сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында емдеу тиімділігі 88,2% (ДДҰ стандарты – кемінде 85%) және дәріге төзімділігі – 80,2% (ДДҰ стандарты – 2025 жылға қарай 80% дейін) құрады.

Соңғы 5 жылда елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда елеулі оң өзгерістер байқалады. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 жылғы 48,2-ден 2022 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді, бұл 24,2%  және өлім-жітім 2018 жылғы 2,4-тен 2022 жылғы 1,4-ке дейін төмендеді, бұл 41,7%-ды (1,7 есе төмендеу) құрады. Бұл факт ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайдың көпжылдық тұрақтанғанын көрсетеді.

Қазақстанның елдер коалициясына кіруі туберкулезді қоғамдық денсаулыққа қауіп ретінде жоюға мүмкіндік береді, ол үшін елде барлық жағдайлар жасалуда, атап айтқанда:

- мемлекеттің саяси қолдауы қамтамасыз етілді, ол 2020 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде және 2023-2025 жылдарға арналған ҚР фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерді дамытудың Жол картасында көрсетілген;

- ДДҰ ұсынымдарына сәйкес ТБ бойынша НҚА, хаттамалар және жаңа нұсқаулықтар бекітілді;

- пациенттердің ауруды анықтаудың жаңа жылдам молекулалық-генетикалық әдістеріне жалпыға бірдей қолжетімділігі қамтамасыз етілді, жаңа препараттармен, қысқа және жеке емдеу режимдерімен емдеу енгізілді;

-пациентке бағдарланған тәсіл, МСАК деңгейінде қызметтерді орталықсыздандыру, жоғары тәуекел тобындағы адамдармен және халықтың қол жеткізу қиын топтарымен жұмыс істеу үшін азаматтық қоғам ұйымдарын тартуды кеңейту жүзеге асырылады;

- бейне-ілеспе емдеу енгізілуде, туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі,

- мониторинг және бағалау жүйелері күшейтілді, туберкулезбен ауыратындардың ұлттық тіркелімі жетілдірілуде, туберкулезге қарсы қызметті тұрақты қаржыландыру және техникалық серіктестермен және халықаралық донорлармен ынтымақтастық қамтамасыз етілуде.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)