Алматыда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аясында «Иә! Біз туберкулёзді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2024 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған «Иә! Біз туберкулёзді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!» тақырыбында халықаралық сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырды. «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігі шараның тең ұйымдастырушысы болды.
Конференцияның мақсаты – бүкіл әлемде негізгі тұлғалар, шешім қабылдайтын тұлғалар арасында туберкулездің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сапасына кері әсері туралы білімді күшейту, сондай ақ бұл аурудың індетін қоғамдық денсаулықтың түйткілі ретінде жоюдың озық тәжірибелерін енгізу және оны таратуға қоғамды жұмылдыру, туберкулез салдары мен зардаптары туралы хабардар ету.
Конференцияға қатысушыларға ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық іс-шаралар және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева және бейнеконференция арқылы Stop TB Partnership атқарушы директоры Лючика Дициу алғысөз сөйледі.
ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Молдабекұлы Әденов Қазақстандағы туберкулезбен күрес жетістіктері, сын-қатері мен мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Профессор Анар Рақышева сын-қатер тобындағы ересектердегі туберкулез инфекциясының диагностикасы мен емі туралы айтты.
Сондай ақ конференцияға қатысушылар Қазақстандағы туберкулезге қарсы препараттардың қауіпсіздігіне белсенді мониторингтің жетістіктерімен, Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы іс-шараларды цифрландыру барысымен, туберкулез микобактериясының тұтас геномдық секвенирлеуімен, Қазақстанда көп дәріге төзімді туберкулезді емдеудің жаңа әдісімен (6 айлық BPaL(M) емдеу режимі) егжей-тегжей танысты.
Конференция соңында халықаралық серіктестер сөз сөйледі. «Stop TB» Жаһандық серіктестігі Хатшылығының (Женева) аймақтық кеңесшісі Андрей Мошняга туберкулез эпидемиясын тоқтату бойынша жаһандық және аймақтық деңгейдегі міндеттемелер мен басым әрекеттер туралы баяндады.
Сондай-ақ туберкулезбен сәтті күресу стратегияларының бірі ретінде ҚФҚ арқылы серіктестік пен қолдау тәжірибесінің нәтижелері жария болды.
Конференция соңында барлық қатысушы арнайы сертификаттарға ие болды.