Қазақстан делегациясы 2023 жылдың қыркүйегінде өтетін туберкулезге қарсы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуіне дайындық аясында туберкулезге қарсы аймақтық және жаһандық мақсаттар бойынша жауапкершілік жөніндегі диалогқа қатысуда.
Қазақстан делегациясы 2023 жылдың қыркүйегінде өтетін туберкулезге қарсы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуіне дайындық аясында туберкулезге қарсы аймақтық және жаһандық мақсаттар бойынша жауапкершілік жөніндегі диалогқа қатысуда.
2023 жылғы 16-18 мамырда Душанбеде (Тәжікстан) туберкулезге қарсы аймақтық және жаһандық мақсаттар үшін жауапкершілік жөніндегі азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) Форумы және «Туберкулез тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында қамтуды күшейту» жөніндегі аймақтық семинар секілді екі қосалқы іс-шара өтуде. Іс-шараға Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) және Шығыс Еуропа (Украина, Молдова, Грузия) елдерінен туберкулезден зардап шеккен адамдар, туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалардың (ТҰБ), халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), діни ұйымдардың, кәсіби бірлестіктердің, қорлардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлер мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысуда.
Қазақстан делегациясына Мәслихат депутаты Г.А. Нұрымова, ҚР ҰФҒО директоры М.М.Әденов, ҮЕҰ өкілдері («ҚФҚ» ҚБ, «Қазақстан АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағы» ҚҚ MAD Consulting, «AFEW Қазақстан» «Санат әлемі» ҚҚ) және БАҚ өкілдері кірді.
Үш күн ішінде жеті қатысушы елдің делегаттары 2023 ж. қыркүйек айындағы БҰҰ Жоғарғы Кеңесінің ТБ бойынша Жоғары деңгейдегі отырысы қарсаңында өңірлік және жаһандық мақсаттар жөніндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету бойынша парламентарийлердің, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін талқылау үшін өзара тәжірибе алмасып, мүдделі елдердің парламент өкілдерімен кездеседі.
Үшінші күні Форумға Еуропа және Орталық Азия парламент өкілдерінің туберкулезбен күрес жөніндегі саммиті (Global TB Caucus ұйымдастырған) мен «Туберкулез тақырыбына БАҚ-ты қамтуды күшейту» (USAID жобасының ұйымдастыруымен) аймақтық семинарының қатысушылары қосылады. Орталық Азиядан, Кавказдан және Шығыс Еуропадан келген 100-ден астам өкілді қамтитын үш қосалқы іс-шараға қатысушылар парламентарийлер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен АҚҰ әзірлеген бірлескен мәлімдемені дайындайды. Мәлімдеме туберкулезге қарсы жаһандық Форум мүшелері мен қоғамдық ұйымдардың туберкулезді тоқтатуға саяси ерік-жігерді қалыптастыруға және туберкулезге қарсы тұрақты саяси әрекетке қол жеткізуге және Шығыс Еуропадағы болашақ ықтимал пандемияның әсерін азайтуға, Орталық Азияда БҰҰ-ның ЖДК 2023 жылға көзделген мақсаттарына қол жеткізуге және бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға деген ұмтылысын паш етеді.
Іс-шараны Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі USAID-тің Орталық Азияда туберкулезді жою жобасымен (USAID ETICA) және Денсаулық сақтау саласындағы саясат және зерттеу орталығымен (PAS орталығы) бірлесіп ұйымдастырды.