«Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асырудың 2024 жыл бойынша қорытындылары» Республикалық үйлестіру кеңесі жұмысын аяқтады

2025 жылдың 6-7 ақпанында Алматы қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 ж. арналған жобасы аясында «Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асырудың 2024 жыл бойынша қорытындылары» Республикалық үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының өкілдері, өңірлердегі фтизиопульмонология орталықтарының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшылары мен меңгерушілері, «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ және «Денсаулық жолындағы серіктестер», КНСВ секілді ТБ саласындағы халықаралық ҮЕҰ өкілдері, ҚДжИАҒО басшылығы қатысты.
Үйлестіру кеңесінің мақсаты – 2024 жылға арналған туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды, қылмыстық-атқару жүйесімен, АИТВ-мен күрес қызметімен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен, халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен салааралық өзара әрекеттесу нәтижелерін қорытындылау болды.
Жиынның бірінші күні қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасында 2024 жылдың соңына қарай туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, «Туберкулез» құрамдас бөлігі бойынша ЖҚ гранты аясындағы көрсеткіштердің орындалуы, туберкулез инфекциясын, балалардағы туберкулезді диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері, ұсынылды. Қалалық және облыстық ФПО басшылары өңірлерде туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асырудың өзекті тұстары мен міндеттері туралы баяндады. Жұмыс топтарында мына мәселелер талқыға түсті:
1. Туберкулезге қарсы іс-шараларды басқару және Қазақстанда туберкулезге қарсы қызметті жаңғырту мәселелері;
2. Туберкулезге қарсы бағдарламадағы ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелері.
Кездесудің екінші күні екі жұмыс тобының өкілдері ағымдағы мәселелер мен оларды шешу бойынша талқылау қорытындысын ұсынды, ТНҰР ақпараттық жүйесінің қызметін жетілдірудің нәтижелері жарияланды, халықаралық серіктестер «Денсаулық жолындағы серіктестер», KNCV секілді халықаралық әріптестер іске асырған ДТ ТБ емдеудің жаңа режимдерін (BPalM\BPal, ЕмҚР) енгізу нәтижелері таныстырылды және үкіметтік емес ұйымдардың туберкулез ауыртпалығын төмендетуге қосқан үлесі сөз болды.
Екікүндік жиын соңында Республикалық үйлестіру кеңесінің қорытындысы шығарылып, отырыс хаттамасына енгізу үшін ұсыныстар енгізілді.