ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Атырау облысында туберкулез инфекциясының жағдайын бағдарламалық басқару бойынша тренинг өтті.

2023 жылғы 21-24 тамызда Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру аясында Атырау қаласында АМСК желілері мамандары мен Атырау облысындағы туберкулезге қарсы бағдарлама серіктестері үшін «Туберкулез инфекциясының жағдайын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг өтті.

Бұл тренингтің мақсаты – туберкулез инфекциясын жұқтыру (ТИ) жағдайларын анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыру бойынша білімді жаңарту.

Тренингке денсаулық сақтау мекемелерінің және СЭБД мамандары, ФО, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, АМСК мекемелерінің басшылары, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (барлығы 50 адам) қатысты.

Тренингті Төлепова Г.Е. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ дәрілік заттардың қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жөніндегі кеңесші), Жапарқұлова М.А. (ҚР ҰФҒО  ӨТБ-3 меңгерушісі), Бекболатова Г.С. (ОФО ТИ бойынша аймақтық үйлестіруші) секілді сертификатталған тренерлер жүргізді.

Тренингте 2035 жылға қарай «Жаһандық туберкулез індетін тоқтату» стратегиясының мақсатты индикаторларына қол жеткізу үшін елде ТИ профилактикалық емдеудің ауқымын кеңейту қажет екені туралы айтылды. Қатысушылар белсенді туберкулездің даму ықтималдығы жоғары адамдарды скрининг және тестілеу арқылы ТИ анықтау мәселелерін, сондай-ақ профилактикалық емделуден өтіп жатқан науқастардың емделуге бейінді ұстануды және тұрақты клиникалық бақылауды арттыру бойынша іс-шараларды талқылады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)