ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент қаласында туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық басқару бойынша тренинг өтті.

2023 жылдың 21 тамызы мен 24 тамызы аралығында Шымкент қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру шеңберінде туберкулез инфекциясын жұқтыру (ТИ) жағдайларын бағдарламалық басқару бойынша тренинг өтті. Тренинг тақырыбының маңыздылығы сол,  белсенді туберкулезді емдеу мен ТИ анықтау және емдеуді ұштастыру ауру жұқтыру қарқынын төмендетуге және «Туберкулезді тоқтату» стратегиясының мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тренингті Мұсабекова Г.Ә. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ туберкулезге қарсы бағдарламалардың үйлестірушісі), Ғалиева Қ.Б. (ҚР ҰФҒО), Сарыпбекова Д.М. (ОФО аймақтық ТИ үйлестірушісі) секілді сертификатталған тренерлер жүргізді.

Тренинг барысында ТИ бағдарламасын басқарудың мақсатты топтарды дұрыс қалыптастыру, анықтау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы, жаңа қысқартылған профилактикалық емдеу режимдері, мониторинг пен бағалау көрсеткіштері, ТНҰР функционалдығын жақсарту. жүйелі есепке алу және есеп беру шарттары, жалпы халық арасында тексеру мен емделуге бейінділікті ұстануды арттырудың тиімді жолдары секілді негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылды:

Қаланың АМСК мекмелерінің басшыларынан, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының фтизиатрия кафедрасының ғылыми қызметкерлерінен, АИТВ қызметінің, туберкулез саласындағы ҮЕҰ өкілдерінен құралған 49 адам тренингтен өткені туралы сертификатқа ие болды. 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)