ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Біз туберкулезді жеңе аламыз». Қазақстанда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аясында айлық басталды.

 

26 ақпан 2024 жылы ҚР ҰФҒО ЖИТСпен, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қормен бірлесіп Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында туберкулезбен күрес айлығының басталғанын хабарлады.  

«Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн туберкулезді қоғамдық денсаулықтың ауыртпалығы ретінде жою жолындағы одан әрі ілгерілеуге саяси және әлеуметтік міндеттемені жұмылдыру және туберкулез туралы хабардар болуды және оның алдын алу және емдеу жөніндегі күш-жігерді бүкіл әлемде арттыруға бағытталған», - деп түсіндірді М.Әденов.

Брифинг барысында ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов елімізде туберкулезбен сырқаттанушылықтың айтарлықтай қарқынмен  төмендеп келе жатқанын атап өтті. Елімізде туберкулезді емдеуде тек тиімді дәрі-дәрмек қолданылады.

Қазақстан БҰҰ-ның туберкулез бойынша жоғары деңгейдегі отырысының саяси декларациясына қосылғандықтан, 2035 жылға қарай туберкулезді індет ретінде жоюға бағытталған END TB стратегиясын жүзеге асырып жатқан мемлекет ретінде өз міндеттемелерін орындауда.

Қазақстанда 2023 жылдың аяғында туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Туберкулезбен ауыру деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға төмендеді. Өлім көрсеткіші 14,3%-ға азайды. Аурудың таралу деңгейі 5,4%-ға кеміді.

Мәлік Әденов алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде емделушіге бағдарланған тәсіл мен емдеу қызметтерін орталықсыздандырудың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда туберкулезді емдеу негізінен амбулаторлық негізде жүргізіледі. Емдеудің бірінші күнінен бастап, науқас инфекциялық бақылау шараларын және клиникалық жағдайды ескере отырып, үйде емделе алады. ДДСҰ стандарты амбулаторлық емделудегі науқас саны 55 пайыздан кем болмауын талап етсе, елімізде бұл көрсеткіш 2023 жылы 64,6 пайызға жетті.  болуы керек, олардың 36,4 пайызы мобильді телефондар, планшеттер мен мобильді қосымшалар көмегімен бейнебақылау арқылы емделуде», - деді М.Әденов.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2023 жылдың соңына қарай амбулаторлық ем алатын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.

Бүкіл елде алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ПТР (молекулярлық-генетикалық диагностика) көмегімен туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді анықтаудың заманауи экспресс әдістері енгізілді. Бұл сынақтар екі сағат ішінде нәтиже беріп, адамның негізгі туберкулезге қарсы дәріге сезімталдығын көрсете алады.

Ол барлық 20 облыстық (облыстық, қалалық) туберкулезге қарсы зертхана жаңа және қайта тағайындалған дәрілерді қоса алғанда, дәріге сезімталдықты тексеру үшін сыртқы сапаны бағалаудан өткенін атап өтті. Туберкулезді диагностикалаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін барлық зертханалық әдісі 100%-ға енігізлді. Тұтас геномды секвенирлеу, балалардағы туберкулезді және ересектердегі туберкулез инфекциясын анықтау үшін квантиферон сынағы қолданылуда.

Жаңа және қайта тағайындалған препараттармен емдеу, қысқа және жеке емдеу режимдері енгізілді. Көп дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімі ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес 24 айдан 9-12 айға дейін қысқаруда. Жаңа тиімді туберкулезге қарсы препараттар (Бедаквилин, Деламанид) көп дәріге төзімді туберкулезді және дәрінің кең түріне төзімді туберкулезді емдеуде қолданылады. ДДСҰ стандартына сәйкес дәріге төзімді туберкулездің тиімділігі  80% кем түспеуі тиіс болса, елімізде бұл көрсеткіш 80% құрады.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап ДДСҰ дәріге төзімді туберкулезді 6 айда  емдеуге ұсынған жаңа Претоманид препаратын қолдану үшін жедел зерттеу түрінде пилоттық жоба іске қосылды.

Жаһандық қордың жобаларын іске асыру тобының менеджері Шахимұрат Исмайылов Қазақстанда «Туберкулезге қарсы күрес» стратегиясының барлық міндеттемесін орындау мақсатында туберкулез ауыртпалығын төмендету жөніндегі іс-шараларға қоғамның барлық құрылымдарын, соның ішінде ҮЕҰ-ды тарта отырып, «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігінің жұмысын дамыту қолға алынғанын атап өтті.

Негізгі мақсат – елге туберкулездің өлімге жетелейтін үкім емес екенін жеткізу.

Оның айтуынша, жедел диагностиканың жаңа тәсілдері, емдеудің жаңа режимдері мен дәрі түрлері сәтті қолданылуда, туберкулездің алдын алудың заманауи тиімді технологияларына қолжетімділік жақсарды.

Қазақстанның туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасы мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

- молекулярлы-генетикалық әдістерді қолдану арқылы туберкулезді жедел анықтау іс-шараларын күшейту;

- туберкулезді оның ішінде дәріге төзімді туберкулезді емдеудің тиімді және қысқа режимдерін енгізу;

- халықтың осал топтарының жағдайын ескере отырып профилактикалық емдеудің заманауи тәсілдерімен қамтамасыз ету.

Шахимұрат Исмаиловтың айтуынша, туберкулезді емдеудің жаңа тәсілдері емделушілерге дәрі егусіз ақ, ауруханаға жатқызбай, адам үшін қалыпты жағдайда емдеу мүмкіндіктерін ұсынады. 

Брифингке қатысушылар ҮЕҰ-ның аталған міндеттерді жүзеге асырудағы тиімді нәтижелеріне де тоқталды, сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды бөлу арқылы туберкулезге қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдарға ерекше қолдау көрсетуге шақырды.

Айлық аясында республика көлемінде туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тақырыптарында ақпараттық науқандар, ғылыми-тәжірибелік конференция, мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер, діни конфессия өкілдерімен жұмыс жүргізіледі.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)