ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша жобасы аясында туберкулез инфекциясын бағдарламалық басқару бойынша Орал қаласында тренинг өтті

2023 жылдың 17 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында Орал қаласында туберкулез инфекциясын (ТБИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өткізілді.

Тренингті Б. Бектұрсынов (ҚР ҰФҒО фтизиохирургы), Г. Мұсабекова (м.ғ.д., ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ туберкулезге қарсы бағдарламалардың үйлестірушісі), Р. Есекеева (ОФО, ТБИ бойынша аймақтық үйлестіруші, фтизиопедиатр) секілді сертификаты бар тренерлер жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар ТБИ-мен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша білімдерін жаңартты, дәлелдемелік базамен, құқықтық актілермен, әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы ТБИ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен танысты.

Барлық қатысушыл ТБИ қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ аймақтағы туберкулезге қарсы бағдарламаның барлық серіктестерімен өзара іс-қимылды жақсарту үшін алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде пайдалануға дайын екенін растады.

Іс-шара қорытындысында Батыс Қазақстан облысының АМСК, СЭБД, ЖИТС-тің алдын алу орталығының басшыларынан, қала/аудан фтизиатрларынан, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын  49 маманы курстан өткені туралы сертиикатқа ие болды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)