ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Астанада туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық басқару бойынша тренинг өтті.

2023 жылғы 14 тамыз бен 17 тамыз аралығында Астана қаласында «Туберкулезді жұқтыру жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг өтті. Бұл Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасы аясында ұйымдастырылып отырған оныншы тренинг.

Тренингті Мұсабекова Г.Ә. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ туберкулезге қарсы бағдарламалардың үйлестірушісі), Чункаева Д.Д. (ТИ бойынша ұлттық кеңесші), Шынарбек Л. (қалалық фтизиопульмонология орталығының ТИ үйлестірушісі) секілді ұлттық тренерлер жүргізді.

Тренингке АМСК желісінің бірінші басшылары/орынбасарлары, қалалық фтизиопульмонология орталығының, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының өкілдері, сонымен қатар фтизиатрлар, АМСК фтизиатрлары, фтизиопедиатрлары, «Астана медицина университеті» КеАҚ фтизиатрия кафедрасының қызметкерлері, туберкулез саласындағы ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Оқыту бағдарламасы сын-қатер топтарын қалыптастыру, АМСК деңгейінде ТИ анықтау және емдеу бойынша іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, емді ұтымды тағайындау және профилактикалық емдеудің сәтті аяқталуын қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау жүйесін қамтамасыз ету, туберкулезге қарсы дәрілерден болатын жағымсыз әсерлердің даму қаупін бағалау секілді туберкулез инфекциясының (ТБ) кешенді жағдайын басқарудың барлық мәселелесін қамтыды.

Тренингке барлығы 55 қатысушы өтіп, іс-шара соңында ҚР ҰФҒО сертификатына ие болды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)