ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Өскеменде туберкулез инфекциясын бағдарламалық басқару бойынша аймақтық тренинг өтті

2023 жылдың 11-14 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өтті. Тренинг Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша жобасы аясында ұйымдастырылды.

Тренингті ҚР ҰФҒО жанындағы Жаһандық қордың ТБ бағдарламалардың үйлестірушісі, м.ғ.к Г.Мұсабекова, ҚР ҰФҒО МжБ тобының жетекшісі Г.Алғазиева, ОФО ТБ бойынша аймақтық үйлестірушісі О.Рамазанов секілді сертификатталған тренерлер жүргізді.

Тренингке қатысушылар дүниежүзіндегі және Қазақстандағы туберкулез инфекциясына қатысты дәлелдемелік базамен, нормативтік құқықтық актілермен және эпидемиологиялық жағдаймен танысты. Сондай ақ, интерактивті форматта әртүрлі осал топтардағы ТИ скрининг және профилактикалық емдеуді ұйымдастырудың аспектілерін талқылап, аймақтағы туберкулезге қарсы бағдарламаның барлық серіктестерімен өзара әрекеттесу жоспарын белгіледі.

Курсты аяқтағаны туралы сертификаттар Шығыс Қазақстан облысының 54 маманына – ОФО, АМСК мекемелерінің, АИТВ-ның алдын алу орталығының, СЭБД басшылары, қала/аудан фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары, ҮЕҰ өкілдеріне тапсырылды.

Қатысушылар алған білімдерін әрі қарай АМСК дәрігерлеріне таратуға дайын екендерін растап, тренингті ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)