ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«QuantiFERON-TB Gold plus квантиферон тестін туберкулез инфекциясының диагностикасында қолдану» онлайн-тренингі

Жаһандық қордың 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасында фтизиатрия және пульмонологиялық қызметті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының 38-тармағын орындау аясында барлық өңірлерге туберкулез инфекциясын (ТИ) диагностикалаудың инновациялық QuantiFERON-TB Gold plus әдісін қолдануға мүмкіндік туды.

Батыс елдерінің көпшілігінде қолданылатын QuantiFERON-TB жоғары сезімтал және айрықша, in vitro жүргізіледі, қауіпсіз, жанама әсер тудырмайды, қарсы көрсетілімдері жоқ, уақытпен шектелмейді және алынған нәтижелерді дәрігердің түсіндіруін қажет етпейді.  

Бұл әдісті тиімді ұйымдастыру және тәжірибеге енгізу мақсатында 2023 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық физиопульмонология ғылыми орталығы мен ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының мамандарының қатысуымен онлайн-тренинг өткізілді. Тренингті ұлттық техникалық кеңесші Чункаева Д.Д., ҚР ҰФҒО клиникалық диагностикалыық зертханасының меңгерушісі Телегина Е.П.,  ҚР ҰФҒО клиникалық диагностикалық зертханасының дәрігер-зертханашысы Каримова Р.С., ШҚО ТИ бойынша кеңесші Рамазанов О.М. секілді тренерлер өткізді.

Оқу бағдарламасы қолдану көрсеткіштері; науқасты тексеруге дайындау; биологиялық материалды (көктамыр қаны) жинауға, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар; ELISA әдісі; нәтижелерге түсінік беру секілді QuantiFERON-TB барлық кезеңдерін қамтыды. Қатысушыларға сонымен қатар QuantiFERON-TB тағайындау, нәтижелерді жазу үшін деректерді енгізу және зертханалық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қажет қорытындыларды алу алгоритмі ұсынылды.

Тренингке қатысқан ОДБК төрағаларына, ТИ бойынша аймақтық үйлестірушілерге, МжБ тобының мамандарына, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстық фтизиопульмонология орталықтарының зертханашыларына ҚР ҰФҒО арнайы сертификаты табыс етілді. 

 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)