ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Тілім – менің тірегім

2023 жылы 15 қыркүйекте ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-да  (ҰФҒО) Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тілім – менің тірегім» атты семинар-кеңес өткізілді.

Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы. Тіл мерекесі - біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Айтулы мерекеге орай ана сүтімен дарыған тілімізге құрмет көрсету мақсатында жер-жерде түрлі шаралар өтіп жатыр. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, әрқайсымыз тілімізді, дінімізді құрметтеуіміз керек.

Тілдер мерекесі күнін өзгертудің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайтын болды.

ҰФҒО ұлттық оқу орталығының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы Ұ. Исаева Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы туралы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ҰФҒО-да іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жөнінде баяндама жасады. Семинар-кеңесте қызметкерлер көкейіндегі сұрақтарды қойып, тілге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)