ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл облысының мамандарына арналған «Туберкулез инфекциясын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг

Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 3 қазан мен 6 қазан аралығында Тараз қаласында туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өтті.

Туберкулез (ТБ) әлемдік проблема болып қалуда. ТБ белгілері әлі байқала қоймаған уақытта оның алдын алу және оны ерте анықтау басты міндет. Тренинг ДДСҰ-ның соңғы ұсынымдарына сәйкес елдегі ТИ індетіне назар қоюды кеңейту үшін мамандардың әлеуетін нығайтуға арналды.

Тренингті Егенова Л.П. (ҚР ҰФҒО дифференциалды диагностика бөлімшесінің меңгерушісі), Ғалиева Қ.Б. (ҚР ҰФҒО, қабылдау және кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі), Тіленшиева Г.Р. (ОФО, ТИ бойынша аймақтық үйлестірушісі) секілді мамандар жүргізді.

Тренингке қатысушылар әлемдегі және Қазақстандағы ТБ/ТИ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ресми мәліметтер мен ақпарат алды. Сондай ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде ТИ жағдайларын диагностикалау және басқарудың маңызды аспектілері бойынша білім жаңарту, тәжірибе алмасу және аймақтағы туберкулезге қарсы бағдарламаның барлық серіктесімен өзара әрекет ету мәселелері талқыланды.

ОФО, ЖИТС орталығының, АМСК басшылары, қала/аудандардың фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары, ТБ, ТБ/АИТВ саласындағы ҮЕҰ өкілдерінен тұрған 55 маман курсты аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)