ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу тәртібі.

2023 жылы 06 желтоқсанда ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында (бұдан әрі – ҰФҒО) «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын  жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес өткізудің мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын насихаттау,  мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру,  Тіл туралы заңнамалардың орындалуын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдің қолданылуын жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат - ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды құжаттарының бірі. Тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Осы іс-қимыл жоспары негізінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын ҰФҒО-да іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген семинар-кеңесте мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ұ.С.Исаева мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу қағидалары жөнінде баяндама              жасады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару  және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары»  туралы презентация көрсетілді. Семинар-кеңеске ҰФҒО қызметкерлері қатысып, көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алды. 

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)