ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы
Директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары
 
Білімі
1985 ж. – Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
1985-1986 жж. – жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында интернатурадан өтіп, «Хирург» біліктілігін алған.
2006 ж. – медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болған.
2011 ж. – «Медицина» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілген.
2013 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен (864 сағат).
2020 ж. – «Best қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы» ЖШС-де «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» циклі бойынша біліктілігін арттырған.
2024 ж. – «Семей медицина университеті» КеАҚ-та «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігін арттырған (240 сағат).
2026 ж. – «Қазақстан медицина университеті «ЖМДШ» ЖШС-де «Денсаулық сақтау менеджменті» циклі бойынша сертификаттау курсынан өткен (360 сағат).
 
Еңбек жолы
1985-1991 жж. – Жамбыл облысы Талас орталық аудандық ауруханасының хирург-дәрігері, бөлім меңгерушісі, емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
1991-1999 жж. – Талас орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері; Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.
1999-2005 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
2005-2009 жж. – Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.
2009-2010 жж. – ҚР ДСМ Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент директоры.
2010-2016 жж. – «ҚР Ұлттық туберкулез проблемалары орталығы» РМҚК директоры, Алматы қ.
2016 ж. наурыз-маусым – ҚР ДӘСМ РДСДО Бас директорының орынбасары, Астана қ.
2016 ж. маусым–желтоқсан – ҚР ДӘСМ МҚАТК Алматы қ. бойынша департамент басшысы.
2016 ж. желтоқсан-2017 ж. шілде – Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2017-2019 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Алматы қ. бойынша филиал директоры.
2019-2020 жж. – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2020-2024 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Алматы қ. бойынша филиал директоры.
2024-2025 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиал директоры.
2025 жылдың желтоқсанынан бастап – ҚР Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
2026 жылдың сәуірінен бастап – «Қазақстан медицина университеті «Жоғары медициналық денсаулық сақтау мектебі» профессоры.
2026 жылдың 28 тамызынан бастап – ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ РМК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары.
 
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2021 ж.).
«Шапағат» мемлекеттік марапаты (2014 ж.).
Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл».
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2002 ж.).
«ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Жамбыл және Алматы облыстары әкімдерінің, Жамбыл облыстық мәслихатының құрмет грамоталары.
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)