ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Тілеубергенов Руслан Бақытжанұлы
Директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары
 
Білімі
2008 ж. — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, қаржы бакалавры дәрежесін алған.
2013 ж. — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, құқықтану бакалавры дәрежесін алған.
2026 ж. — Kingston University (АҚШ) бітіріп, Master of Business Administration (MBA) дәрежесін алған.
 
Еңбек жолы
2007 жылдан бастап — мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман (еңбек жолының басы).
2010–2013 жж. — «Қалалық аурухана №2» ШЖҚ КМК қаржы-экономикалық қызметінің түрлі лауазымдары.
2013–2015 жж. — «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК Жоспарлы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2015–2020 жж. — «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Жоспарлы-экономикалық бөлімінің бас маманы; ақылы қызметтерді дамыту және маркетинг секторының жетекшісі.
2020–2022 жж. — Денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ аппаратының бас маманы.
2022–2024 жж. — Алматы облысындағы санаторийдің директоры.
2024–2025 жж. — Алматы қ. ДСБ «№10 қалалық емхана» ШЖҚ КМК экономисі.
2025–2026 жж. — «Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының автошаруашылығы» ШЖҚ РМК экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы.
2026 жылдан бастап — ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ РМК экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары.
 
Қоғамдық қызметі
2007 жылдан бастап — Шотокан каратэсімен айналысады, II Dan қара белбеу иегері.
2016 жылдан бастап — «Шотокан Каратэ Федерациясы» ҚБ Басқарма төрағасы, NPO Japan Karate Shoto Federation-ның Қазақстандағы ресми өкілі.
2021 жылдан бастап — Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы медициналық ұйымдардың байқаушы кеңестерінің тәуелсіз мүшесі.
2025 жылдан бастап — «Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы.
 
Әскери қызметі
2008–2009 жж. — Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткен, әскери атағы — сержант.
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)