ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Ұлытау облысында туберкулезді ерте анықтау, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

2026 жылғы 8–9 қазанда Ұлытау облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының дәрігерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараға Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының (ҰФҒО) және Жаһандық қордың мамандары — Рашитов Махмуджан Разикулович, Смагулова Ризвангул Сатаевна және Тусупбекова Гаухар Толеужановна қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерінің туберкулезді ерте анықтау, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде ауруды уақтылы анықтау дағдыларын жетілдіру.

Оқыту барысында туберкулезге күдікті пациенттерді анықтау, диагностикалық тексерулерді ұйымдастыру, профилактикалық іс-шараларды жүргізу және пациенттерді мамандандырылған медициналық ұйымдарға уақтылы жолдау мәселелері қарастырылды.

МСАК дәрігерлерінің туберкулезге қатысты клиникалық қырағылығын арттыруға, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен мамандандырылған фтизиатриялық қызмет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу медициналық көмектің сапасын арттыруға, медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және өңірде туберкулездің алдын алу мен оны ерте анықтау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ботакөз м.н, 1/1
(Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 747 137 36 18 (с 08:00 до 17:00 ч.) (Call Center)