«Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық әріптестігін дамыту мен туберкулезбен күресетін ҮЕҰ қолдау жөніндегі адвокациялық кеңес
Бүгін, 2023 жылғы 31 тамызда Астанада «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық әріптестігін дамыту және туберкулез ауыртпалығын төмендету ісіне үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартуды күшейту мәселесі бойынша шешім қабылдаушы тұлғалармен жоғары деңгейдегі республикалық адвокациялық кеңес өтуде.
Адвокациялық кеңеске Парламент Сенатының депутаты (Әлназарова А.Ш.), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің (Дудник В.Ю., Дүйсенов А.Қ., Мақсұтова Г.Е.), еңбек және халықөты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Қалмақова Г.А.), ҚР ІІМ, (Манапов З.П.), ҚР АжҚДМ (Әлжанова Ж.Б.), ҚР ӘМ (Сағындықов Б.Б.), Елдік үйлестіру комитеті (Сауранбаева М.М., Демеуова Р.М.), ҚР ҰФҒО ( Әденов М.М. ), облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармалары мен фтизиопульмонология орталықтарының, ЖҚ ЖІАТ (Мұсабекова Г.Ә., Маркабаева Т.А.), Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының, Жаһандық STOP ТВ Әріптестігінің өкілдері (атқарушы директоры Лючика Дициу, Мошняга А.) және «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігінің (Исмаилов Ш.Ш.), ДДСҰ (Әубәкірова Б.), АБҚО (Рахымжанов А.Б.) өкілдері, туберкулезге қарсы бағдарламаның ұлттық серіктестер мен кеңесшілері (Буринский В., Челан К. , Чункаева Д.), медициналық бірлестіктердің (Петухова Н.М. , Ерімбетов Қ.Д., Тұрсынбаева А.С.), ҮЕҰ (Жандәулетова Ж.Т., Еспенова М.М.) өкілдері қатысты.
2001 жылы негізі қаланған Stop TB жаһандық әріптестігі әлемді туберкулезден азат ету бағдарын ұстанған Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйымы болып табылады.
Туберкулезбен күреске инвестиция салу бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның өміріне араша түсуге көмектеседі және қоғамның экономикалық әл-ауқатын арттырудың тиімді үлгісі бола алады. Мысалы Копенгаген консенсус орталығының «2015-2030 жылдарға арналған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің жарты жолында – түпкілікті мақсатқа жету үшін қай жерге инвестиция салған жақсы» жобасы үкіметтерден, халықаралық ұйымдардан және қайырымдылық ұйымдардан қосымша қаржыландыру инфекция мен туберкулезге шалдығу қаупі жоғары халықтың осал топтарының өкілдері үшін тамаша әлеуметтік, экономикалық және экологиялық пайда әкелетінін анықтаған.
Қазақстан БҰҰ-ның туберкулез бойынша жоғары деңгейдегі кездесуінің саяси декларациясына қосылып, 2035 жылға қарай туберкулезді індет ретінде жоюға бағытталған END TB стратегиясын жүзеге асырып жатқан мемлекет ретінде мойнына жоғары міндеттемелер алған, оны жүзеге асыру туберкулез ауыртпалығын азайту бойынша іс-шараларға қоғамның барлық құрылымдарын, соның ішінде ҮЕҰ-ды тарта отырып, «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту арқылы ғана мүмкін болады.
Кездесудің басты ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы жанындағы ЖҚ ЖІАТ, «Қазақстан фтизиопульмонологтар қауымдастығы» ҚБ және Астана қаласының әкімдігі.