ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қ. ТБ бағдарламасы мамандарына арналған ТБИ бойынша тренинг

2023-2025 ж. арналған Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын және Қазақстан Республикасында фтизиатрия және пульмонология қызметін дамытудың Жол картасын іске асыру аясында 2023 жылдың 24-27 шілдесінде Алматы қаласында «Туберкулез инфекциясы жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» атты тренинг өтті.

Тренингке ҚФО, ЖИТС орталығының басшылары, қаладағы АМСК желілері бас дәрігерлерінің орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері, фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары қатысты.

Қатысушыларға Рақышева А.С. (С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры, м.ғ.д.), Әбубәкіров А.Я. (С.Д.Асфендияров ат. ҚазҰМУ фтизиопульмонология кафедрасының ассистенті, медицина магистрі), Тастайбекова М.М. (Алматы қ. бойынша ТБИ үйлестірушісі) секілді мамандар дәріс берді.

Тренинг мақсаты халықтың осал топтарында туберкулез скринингі мен профилактикалық емдеуді тиімді ұйымдастыру және жүргізу бойынша тиімділікті көтеру.

Тренинг барысында қатысушылар ТБИ жағдайларын басқару бойынша ДДСҰ-ның ағымдағы ұсынымдарымен танысты, халықтың осал топтарында скрининг және профилактикалық емдеуді ұйымдастыру тәсілдерін игерді, ТБИ басым мәселелері бойынша талқылауларға және SWOT талдауларын жүргізуге белсенді қатысты. Оқыту бағдарламасы аясында ТБ бойынша ұлттық деректер қорын жүргізу бойынша ұлттық кеңесші Арбузова Е.В. ТНҰР-да ТБИ жаңа және жаңартылған есепке алу және есептілік нысандарын, сондай-ақ жұмыста «Дамумед» КМАЖ ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалануды көрсетті.

Тренингке қатысушылар туберкулезге қарсы профилактикалық емдеу мәселесінде мақсатты топты анықтаудан бастап, нәтижелерді талдау мен бағалауға дейін медициналық көмектің әрбір элементінің маңыздылығын атап өтті. Тренинг соңында жасалған тест тапсырмалары оның қатысушылары көзделген білім нәтижесіне қол жеткізгенін көрсетті. Іс-шара аяғында барлық қатысушыға сертификат табыс етілді, ал тренингке ең белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)