ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Ұлытау облысында туберкулез инфекциясы жағдайларын анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін арттыруға арналған тренинг өтті

Жаһандық қордың Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грантын іске асыру шеңберінде өңірлерде «Туберкулез инфекциясы жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту сабақтары жалғасуда.

2023 жылдың 24-27 шілдесінде осы тақырыпта Жезқазған қаласында тренинг өткізілді. Туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында Ұлытау өңірінен 59 маман оқытылды. Оған ФО, АМСК мекемелерінің, ЖИТС орталығы, СЭБД өкілдері, фтизиатрлар мен қала/аудандардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері қатысты.

Тренингті Сидоренко О.А. (м.ғ.к., ҚР ҰФҒО ҒОО меңгерушісінің орынбасары), Чункаева Д.Д. (ТИ бойынша ұлттық кеңесші) секілді тәжірибелі мамандар жүргізді.

Қатысушылар әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы ТБ проблемалары туралы соңғы мәліметтермен, сондай-ақ ТИ анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша ДДСҰ-ның ұсыныстарымен және ҚР нормативтік-құқықтық актілерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда облыстағы ТБ/ТИ бойынша жағдайға SWOT талдау жасалды, алдағы жұмыстарды жетілдіру жоспарлары жасалды. Дәрігерлер ситуациялық тапсырмаларды, симуляциялық клиникалық жағдайларды талдау бойынша машықтанды.

Базалық және қорытынды тестілеудің жоғары нәтижелері тренингте алынған білімнің айтарлықтай оң ықпалын көрсетті.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)