Қазақстан – туберкулезсіз әлемге қарай сенімді қадамдар
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер жақсаруда.
Туберкулезбен сырқаттанушылық 9,9 %-ға төмендеді.
Таралу көрсеткіші 12,8%-ға азайды.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендеді.
Емдеу тиімділігі де артты: дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұрады, дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылады, бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан жоғары.
Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-ке азайды.
- Қазақстан Республикасында туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді.
- Елімізде МСАК ұйымдары деңгейінде туберкулезді ерте диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілген: GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін (туберкулезге ПТР) зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде дайын болады.
- ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуде тиімділігі жоғары, инъекциясыз қысқа мерзімді 12 айдан 6 айға дейін емдеу режимдері қолданылады, бұл емдеу режимдері қабылдауға ыңғайлы таблетка түрінде ұсынылады.
- Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу үшін 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа қысқа мерзімді режимдері қолданылады. Бұл байланыста болған адамдар мен қауіпті топтарындағы тұлғалар арасында белсенді туберкулездің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.
- Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады.
- Амбулаториялық деңгейде науқастардың 40%-ы емдеуді бейнебақылау режимінде қабылдайды.
Заманауи технологиялар, қолжетімді медициналық көмек және нақты нәтижелер — халық денсаулығын нығайтудың басты бағыты!
Пайдалы ақпарат
Біз әлеуметтік желідеміз
Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.