ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Азаматтық қоғам мен Қазақстан Республикасының ұлттық туберкулез бағдарламасы туберкулезге қарсы күресте күш біріктіреді

2025 жылғы 28-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында «Азаматтық қоғам ұйымдарының қызметті жоспарлау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу бойынша әлеуетін күшейту» тақырыбында 3 күндік семинар-тренинг өтіп жатыр. Іс-шара үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларды жоспарлау, адвокациялық іс-шаралар және туберкулезге (ТБ) қарсы күресте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру салаларындағы әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Семинарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы жанындағы Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша жобаларды іске асыру тобы мен  «Денсаулық сақтау серіктестері» ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды. 

Іс-шараға Қазақстанның барлық аймағынан туберкулез және ТБ/АИТВ саласында жұмыс істейтін 21 ҮЕҰ өкілдері жиналды. Жиынға ҚР Ұлттық туберкулез бағдарламасының (ҰТБ) ұлттық және халықаралық сарапшылары да қатысуда.

Семинар-тренингтің мақсаты:

  • ҮЕҰ үйлестірушілерінің жобаны жоспарлау құралдарын пайдаланудағы әлеуетін арттыру;
  • Туберкулез және ТБ/АИТВ бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру және адвокация саласындағы білімдерін тереңдету;
  • Туберкулезбен күреске бағытталған «шағын» гранттарды іске асыру тиімділігін арттыру.

Іс-шара бағдарламасы өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтиды, соның ішінде:

  • Қазақстанда туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы;
  • Жаһандық және ұлттық деңгейде Stop TB серіктестігін дамыту;
  • «Денсаулық сақтау серіктестері» және «ҚФҚ» ҚБ сияқты ұйымдардың туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі инновациялық тәсілдерін қолдану тәжірибесімен таныстыру.

Бірінші күні қатысушыларға туберкулезге қарсы күрестің қазіргі жағдайы, сондай-ақ Қазақстанда енгізіліп жатқан озық тәжірибелер туралы негізгі материалдар ұсынылды. Үш күнгі іс-шара интерактив пікірталастарды, топтық жұмыс және шығармашылық практикалық ізденістерді қамтиды.

Бұл семинар-тренинг ҮЕҰ-ның кәсіби құзыреттілігін дамытуға, мемлекеттік органдармен және халықаралық серіктестермен жұмысты үйлестіруді жақсартуға, халықтың осал топтарын туберкулездің алдын алу мен емдеудің заманауи әдістерімен қамту бойынша күш-жігерін арттыруға ықпал етеді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)