ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЕуроДДСҰ Миссиясы Ақтөбе облысында

2023 жылғы 28 қарашада ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының Жасыл жарық Комиеті (rGLC) арқылы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының миссиясы Ақтөбе облысына келді. 

Құрамына ЕвроДДСҰ медицина маманы доктор Ogtay Gozalov, доктор Kai Blondal, GDF аймақтық техникалық кеңесшісі Мавлюда Махмудова және rGLC/Европа кеңесшісі Ruzilya Usmanova кірген Миссия мүшелері облыстық фтизиопульмонология орталығында болып, ОФО басшылығымен және ұжымымен кездесті.

Сапар барысында қонақтар ұйымдастыру-әдістеме бөлімінің жұмысымен, ТНҰТ, сондай-ақ ОФО зертханасы, дәріхана қоймасы, ОФО клиникасының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ осы күні Миссия делегациясы Ақтөбе қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен орталық аудандық аурухананы аралап, туберкулезге қарсы күрес саласындағы ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді.

Бұл миссия Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының сұрауымен ұйымдастырылды және Ұлттық туберкулез бағдарламасын басқарудың түрлі аспектілерін бағалаумен айналысуды көздейді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)