ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Алматы облысының АМСК мамандары мен ТБ бағдарлама серіктестері тренингтен өтті

2023 жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында «Kazzhol Park» қонақүйінде Алматы облысының мамандары үшін «Туберкулезді жұқтыру жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» атты тренинг өтті.

Тренинг Жаһандық қордың қаржылық қолдауымен өңірдегі туберкулез инфекциясы (ТИ) жағдайларын анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тренингті Жапарқұлова М.А. (ҚР ҰФҒО ӨТБ-3 меңгерушісі), Алғазиева Г.Д. (ҚР ҰФҒО МжБ тобының жетекшісі), Базарбаева Е.У. (аймақтық ТИ үйлестірушісі) секілді тиісті сертификатқа ие тренерлер жүргізді:.

Тренинг барысында АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) желісіндегі ТИ қызметін ұйымдастыру, жүргізу және мониторингі бойынша жаңалықтар айтылды. Тренинг бағдарламасы шағын дәрістер, топтық талқылаулар, пікір алмасу, жеке тапсырмалар және тестілеу арқылы қатысушылардың білімін бағалауды қамтыды.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, АМСК ұйымдарының, туберкулез саласындағы ҮЕҰ басшылары мен мамандарынан тұрған 49 адам сертификатқа ие болды

Тренингке қатысушылар оқу бағдарламасының өзектілігі туралы оң пікірлерін білдірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)