Қазақстанның туберкулезге қарсы бағдарлама мамандары Латвияда
2024 жылдың 16-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы бағдарламасының бір топ мамандары 2023-2025 жылдар аралығындағы Жаһандық Қордың демеуімен Латвия астанасы Рига қаласына барды. Мамандар Рига қ. Шығыс-клиникалық университет ауруханасындағы КДТ-ТБ зерттеу және оқу бойынша ДДСҰ Әріптестік орталығындағы тренингке қатысып, тәжірибе алмасты. Тренинг «Дәріге төзімді туберкулезді емдеу және басқарудағы инновациялар» тақырыбында өткізілді. Тыңдаушылар қатарында ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ өкілдері және Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары фтизиопульмонология орталықтарының мамандары болды.
Тренинг барысында мамандар Еуропалық аймақтың 2023-2030 жылдарға арналған туберкулезге қарсы іс-қимыл жоспарымен, туберкулезді диагностикалаудың әртүрлі әдістерімен, тұтас геномды секвенирлеумен, ДТ-TБ емдеумен және ерекше жағдайларда емдеу әдістерімен, жағымсыз құбылыстарды басқарумен, онлайн вебинарлар мен қашықтан оқытуды өткізу, сондай- ақ қиын және күрделі жағдайларда онлайн консилиумдар үшін құжаттамалар мен таныстырылымдарды дайындау, өкпе тініндегі үлкен қалдық өзгерістерді оңалту және алдын алу үшін туберкулез және ДТ ТБ емдеудің бірінші күнінен бастап тыныс алу жаттығулары әдістерімен танысты. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.