ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысындағы туберкулез инфекциясының жағдайын бағдарламалық басқару бойынша тренинг.

Көкшетау қаласында АМСК желілері мамандары мен Көкшетау облысындағы туберкулезге қарсы бағдарлама серіктестері үшін «Туберкулез инфекциясының жағдайын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингті Егенова Л.П. (ҚР ҰФҒО дифференциалды диагностика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.), Чункаева Д.Д. (ТИ бойынша ұлттық кеңесші, м.ғ.м.), Шолатаева Р.К. (ОФО TИ бойынша аймақтық үйлестіруші) секілді сертификатталған тренерлер өткізді.  Жаһандық қордың қаржылық қолдауымен өткен тренингте оған қатысушылар дәлелдемелік базасы, әлемдегі және Қазақстандағы туберкулез инфекциясына  (ТИ) қатысты нормативті-құқықтық актілер мен эпидемиологиялық жағдайы туралы білді, ТИ бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және мониторингі бойынша жаңартылған білім алды, туберкулездің алдын алу саласындағы инновациялық тәсілдерді практикада қолдануға қажет дағдыларды жетілдірді.

4 күн ішінде облыстың АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, АМСК медициналық ұйымдарының басшылары, СЭБД эпидемиологтары, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, туберкулезге қарсы күрес саласындағы ҮЕҰ өкілдерінен тұрған 52 маман оқытылды.

Қатысушылар ТИ анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шаралардың сапасын арттыру бағытында алған жаңа  білімнің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)