ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Павлодар қ. туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық жүргізу бойынша тренинг

2023 жылдың 17-20 шілде аралығында Павлодар қаласында Жаһандық қордың 2023-2025 ж. арналған «Туберкулез» компоненті бойынша грант жобасын жүзеге асыру аясында «Туберкулез инфекциясы жағдайын бағдарламалық жүргізудің өзекті мәселелері» атты офлайн режимінде төрткүндік тренинг өтті. Оны Приходченко О.Г. (ҚР ҰФҒО МжБ аға маманы) Арбузова Е.В. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ ТНҰР бойынша кеңесшісі), Сейітахметова Г.А. (ТБИ бойынша облыстық үйлестіруші) секілді мамандар жүргізді.

Тренингті ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ, ОДСБ және ОФО ұйымдастырды. Тренингке Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандарынан келген 50 шақты ОФО, АМСК, АИТВ алдын алу Орталығының  басшылары/орынбасарлары, СЭБД эпидемиологы, фтизиатр мен фтизиопедиатры қатысты.

Тренинг барысында қатысушылар халықтың осал топтарында туберкулез скринингі мен профилактикалық емдеуді тиімді ұйымдастыру және жүргізу бойынша өзекті ақпарат пен тәжірибелік дағдылар алды. ТНҰР және Дамумед КМАЖ функцияларын жаңартуды ескере отырып, туберкулезді жұқтыру жағдайларын басқару мәселелері де белсенді талқыланды.

Тренингтің барлық қатысушылары ұйымдастырушыларға осындай шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)