ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Дін өкілдері мен дін ұстанушыларына дәріс

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық аясында Қазақстан Республикасы Туберкулезге қарсы күрес ұлттық ғылыми орталығының қызметкері, дәрігер Бақытжан Бектұрсынов 2025 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласы Дархан ықшамауданындағы мешітте болып, мешіт жамағаты және дін өкілдеріне туберкулез мәселесі жөнінде дәріс оқыды. Туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және емдеудің маңызы талқыланды. Сонымен қатар нашақорлық және есірткі тұтынушылар арасында туберкулезбен ауыру қауіпінің жоғары екені жайлы дәріс оқылды. Кездесу соңында жи налғандарға туберкулез туралы ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Айта кету керек, Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық аясында ҚР ҰФҒО қызметкерлері жыл сайын Алматы қаласындағы мешіттердің жамағаты мен Алматы қаласындағы ҚМДБ өкілдері арасында тұрақты түрдек семинарлар, тренингтер, дәрістер өткізеді.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)