ЕуроДДСҰ Миссиясы Қазақстанға келді.
2023 жылғы 27 қарашада ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының Жасыл жарық Комиеті (rGLC) арқылы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының миссиясы келді. Бұл миссия Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының сұрауымен ұйымдастырылды және Ұлттық туберкулез бағдарламасын басқарудың түрлі аспектілерін бағалаумен айналысуды көздейді.
27 қарашада Миссия мүшелері ЕвроДДСҰ медицина маманы доктор Ogtay Gozalov, доктор Kai Blondal, GDF аймақтық техникалық кеңесшісі Мавлюда Махмудова және rGLC/Европа кеңесшісі Ruzilya Usmanova ҚР ҰФҒО ғимаратында болды. ҚР ҰФҒО директоры Мәлік Әденов қонақтарды ҚР ҰФҒО қызметкерлерімен, сондай-ақ Жаһандық қор жобаларын іске асыру тобының басшылығымен таныстырды.
ҚР ҰФҒО қабырғасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында Еуропалық ДДСҰ Миссиясының өкілдері ҚР ҰФҒО қызметімен, сондай-ақ ҚР ҰФҒО серіктестерінің қызметімен:
- 2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор грантының жобасымен.
- Орталық Азиядағы туберкулезді жою жөніндегі USAID жобасымен
- Денсаулық үшін серіктестер
- KNCV
- СТБҰӘ гранттарын жүзеге асыратын серіктестердің (MAД, ҚФҚ) қызметімен танысты.
Миссия өкілдері сондай-ақ ҚР ҰФҒО-ның Ұлттық референс зертханасы мен клиникалық бөлімшелерінде болып, дәріхана қоймасының жұмысымен танысты, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді препараттарды басқару және дәрі-дәрек қауіпсіздігіне белсенді мониторинг жөніндегі мамандармен кездесу өткізді.
Миссияның Қазақстандағы жұмысы желтоқсанның 1-іне дейін жалғасады, оның барысында ДДСҰ Еуропалық бөлімшесінің туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны басқарудың барысын бағалау үшін Қазақстанның кейбір аймақтарына барады.зной программы.