ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Қазақстан Республикасындағы ЖҚ гранты аясындағы регионалды тренингтер

2023-2025 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Қазақстан Республикасындағы ЖҚ гранты аясында 2023 жылы туберкулезді инфекцияны (бұдан әрі – ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеу шараларын тиісті түрде жүзеге асыру мақсатында «Туберкулезді жұқтыру жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында 20 аймақтық тренинг жоспарланған.

Осы тақырып бойынша алғашқы тренинг 2023 жылғы 19 маусым мен 22 маусым аралығында Семей қаласында өтті.

Оған облыстық фтизиопульмонология орталығының, АМСК мекемелерінің, ЖИТС орталығы, СЭБД басшылары, қала/аудандардың жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен фтизиатрлары, Семей қаласының медицина университетінің оқытушылары қатысты.

Райымова Г.Д. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ МжБ маманы) және Чункаева Д.Д. (TБ бойынша ұлттық кеңесші), Шмеер Н.А. секілді тренерлер әлемдегі туберкулездің жағдайы, дәлелдеме базасы және ДДСҰ-ның ТБ бойынша жаңартылған ұсынымдары туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Тренинг барысында қатысушылар скринингті ұйымдастыру және жүргізу, жұқтыру қаупі жоғары топқа жататын тұрғындар арасында ТБ диагностикасын қою, тиімді профилактикалық емдеу режимдерін тағайындау тұрғысынан медициналық көмектің барлық түрі бойынша дағдыларды меңгерді. Тренинг соңында Абай облысындағы 50 мамандары ҚР ҰФҒО сертификаттарына ие болды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)