Астана қ. мониторинг және бағалау тобының жұмысы басталды
2024 жылдың 27 мамыры мен 31 мамыры аралығында Астана қаласы бойынша 2024 жылдың 4 айындағы туберкулезге қарсы бағдарламаның іске асырылуына мониторинг және бағалау басталды. Жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сәйкес ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ және СЭСжМҒПО-ның 6 маманы кірген.
МжБ барысында Астана қ. фтизиопульмонология орталығы мен медицина мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік жағынан және практикалық көмек көрсетіледі. Мониторинг сапарының алғашқы күні елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш.Рүстемовамен кездесу өтті. Одан әрі қаладағы АИТВ алдын алу орталығына және «Шарапат» АӘҚКО-на бару жоспарланған. ҚР ҰФҒО 2 ӨТБ фтизиатры А.Әбубәкіров фтизиопульмонология орталығының бөлімшелерінде жұмысын бастап кетті.