ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылғы 24-26 мамырда ҚР ҰФҒО- да "ҚФҚ" ҚБ қолдауымен ҚХР торакальды хирургия орталығы бір топ мамандарының қатысуымен конференция өтеді

2023 жылдың 24 мамыры мен 26 мамыры аралығында «Қазақстан фтизиопульмонологтары Қауымдастығы» ҚҚ қолдауымен ҰФҒО қабырғасында ҚХР Шыңжаң медицина университетінің жанындағы кеуде қуысы хирургиясы орталығының мамандарының қатысуымен конференция және өкпе дертіне шалдыққан науқастарға торакоскопиялық хирургиялық ота жасу бойынша шеберлік сабақтары өтуде.

Іс-шара қарсаңындағы салтанатты жиында ҚР ҰФҒО директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ералиева Л.Т., ҚХР ШҰАА кеуде қуысы аурулары ауруханасының кеуде хирургиясы бөлімінің бас дәрігері CНE YONG, сонымен қатар «Қазақстан фтизиопульмонологтары Қауымдастығы» ҚБ президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ерімбетов Қ.Д. қаысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Бұл тәжірибе алмасу сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) ғылыми-техникалық әріптестік бағдарламасы және «Орталық Азия аймағында кеуде қуысының аз инвазивті хирургиясының стандартталған технологиясын ілгерілету және қолдану» халықаралық жобасы аясында өтуде.

Конференция мен шеберлік сабақтарына облыстық және қалалық фтизиопульмонология орталықтарының хирургтары қатысуда.

Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Шыңжаң медициналық университетінің 8-ші ауруханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонрлогия ғылыми орталығы арасында медициналық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)