ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Маңғыстау облысында туберкулез инфекциясын бағдарламалық басқару мәселелері бойынша тренинг өтті

2023 жылдың 19-22 қыркүйегі аралығында Ақтау қаласында туберкулез инфекциясын (ТИ) анықтау, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өтті. Бұл – Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша гранттық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған және туберкулезге қарсы бағдарламаның негізгі серіктестерінің әлеуетін күшейтуді көздейтін 17-ші тренинг.

ДДСҰ-ның 2035 жылға қарай туберкулезді жою стратегиясына сәйкес, қазір ТИ бар адамдарды анықтау және емдеу негізгі басымдықтың біріне айналды. Тренинг бағдарламасы дәл осы өзекті мәселелерді қамтыды. 

Қатысушыларға Райымова Г.Д. (ҚР ҰФҒО жанындағы ЖҚ ЖІАТ МжБ маманы), Нәжмиден А.Р. (ҚР ҰФҒО МжБ ұлттық тобының маманы), Жақсыбаева С.Қ. (ОФО ТИ бойынша аймақтық үйлестіруші) секілді мамандар дәріс берді.

Тренинг барысында ТИ жағдайын басқару процесінде ескерілуі қажет барлық мәселе қарастырылды. Қатысушылар ТИ-сын анықтау үшін заманауи құралдарды пайдалану, қысқартылған профилактикалық емдеу режимдерін тағайындау, мониторинг пен бағалау көрсеткіштерін әзірлеу бойынша ұсыныстар туралы егжей-тегжейлі білді.

Барлығы 50 маман оқытылып, оқу қорытындысында сертификаттар алды. Барлық қатысушы бұл тренингтің практикалық мәнін жоғары бағалады.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)