Ташкентте ТБ бойынша ауқымды міндеттемелерді орындау бойынша Өңірлік Диалог өтуде
2024 жылдың 24-25 маусымында Өзбекстан астанасы Ташкентте туберкулезбен күрес бойынша БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Жиынының міндеттемелерін орындау жөніндегі Еуропа және Орталық Азия елдерінің өңірлік басқосуы өтіп жатыр.
Халықаралық ауқымды жиын Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі А. Худаяров, TBpeople Global Басқарма мүшесі О. Клименко, «Туберкулезді тоқтату» Жаһандық Серіктестігінің атқарушы директоры Л. Дициу, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының Өңірлік директоры Х. Клюге, ШЕОА елдері бойынша Жаһандық қор гранттарын басқару жөніндегі аймақтық менеджері Д. Латычевски және Өзбекстандағы USAID Миссиясы басшысының орынбасары Э. Михалски секілді тұлғалардың алғысөзімен ашылды.
Барлық қатысушы үшін маңызды жолдау – әлемде туберкулезді жоюға әркім үлес қоса алады. Бұл біздің таңдау!
Қазақстан атынан жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ДСМ, ҚР ҰФҒО, СТБҰС және ТБ саласындағы ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр.