ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Өңірлік экологиялық саммит 2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында бастамашылық еткен Өңірлік экологиялық саммит 2026 (ӨЭС–2026) өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.

2025 жылғы мамырда өткен Astana International Forum 2025 барысында Саммиттің күн тәртібін климаттық мәселелерден кең ауқымды экологиялық тақырыптарға дейін кеңейту туралы жарияланды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму мәселелеріне кешенді көзқарастың қажеттілігін айқындады.

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында ҚР ДСМРК ҰҒФО директоры Әденов М.М. Өңірлік экологиялық саммит 2026 жұмысына қатысты. Іс-шара аясында экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)