Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.
Қазақстан Республикасы президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылдан бастап Республика күні Қазақстан Республикасының ресми мерекелерінің күнтізбесіне қайтадан енгізілді.
Бұл күн еліміз үшін маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Жиында Л.З.Қастықпаева еліміз үшін бұл мерекенің тарихи маңызы туралы баяндама жасады.
А.Жәнібеков ҚР ҰФҒО басшылығы атынан ұжымды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай орталықтың еңбегімен көзге түскен бірқатар қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен С.Құныпияева, А.Жексембиева және Г.Маскеева марапатталды.
Орталық қызметкерлері А.Қасымбаева мен С.Әкімбековаға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді.
ҚР ҰФҒО 8 қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!