ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

2023 жылдың 23-24 тамызында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Орталық Азия елдерінің туберкулезбен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламалары басшыларының Саммиті өтуде.

Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Өзбекстан Республикасындағы өкілдігімен бірлесіп, Орталық Азия елдерінің туберкулезбен күрестегі күшін біріктіру мақсатында туберкулезбен күрес саласындағы көшбасшылар саммитін ұйымдастырды. Бұл саммит бірінші кезекте туберкулезді жоюмен байланысты идея және тәжірибе алмасуды мақсат етеді.

Жоғары деңгейдегі іс-шараға Орталық Азияның барлық елі – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан өкілдері қатысуда.

Қазақстан Республикасының атынан  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек көрсету бөлімінің бастығы Мақсұтова Гүлнар Естайқызы алғысөз айтты.

Қазақстан Республикасының ұлттық туберкулез бағдарламасының (ҰТБ) атынан Мақсұтова Гүлнар Естайқызы – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек көрсету бөлімінің бастығы, Әденов Мәлік Молдабекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры, Приходченко Ольга Геннадьевна – ҚР ҰФҒО мониторинг және бағалау, эпидемиология, статистика және ақпараттандыру бөлімінің маманы.

Саммит барысында әр елдің өкілдері ҰТБ бойынша 2018 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында белгіленген міндеттемелерді орындаудағы барысы туралы баяндама жасайды.

Біз картадамыз
Байланыстар
050010, Алматы қаласы, К. Беқхожин көшесі, № 5 үй.
+7 (727) 241 1243 (Директордың қабылдау бөлмесі)
+7 (727) 241 1190 (Call Center)